Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын әскери қалашықтардың тізбесі бекітілді
Сурет: sarbaz.kz
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі бұйрығымен Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тізімде Қорғаныс министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Ұлттық ұланға, Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты 68 нысан бар.
Соның ішінде:
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті;
"А" кадет корпусы;
Қонаевтағы әскери бөлім;
Талдықорған аудандық пайдалану бөлімі;
ШҚО Күршім ауылындағы әскери бөлім;
Жамбыл облысы Меркі ауылындағы әскери бөлім;
Қарағанды облысының Саран қаласы және Ақтас кентіндегі әскери бөлім;
Форт-Шевченко қаласындағы әскери бөлім;
Алматы облысы Іле ауданындағы Шекара академиясы;
Аймақтар бойынша Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері және т.б.
Бұйрық 2022 жылғы 27 қыркүйекте күшіне енеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript