Александр Бублик ATP турнирінің екінші айналымына шықты

Теннис Сурет: ktf.kz
Қазақстандық үздік теннисші (әлемдік рейтингте №43) Нидерланды спортшысы Таллон Грикспорды (№54) ұтып кетіп, Астанада өтіп жатқан ATP 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Матч 1 сағат 40 минутқа созылды. Есеп: 6:0, 4:6, 6:3.

Бубликтің келесі қарсыласы әлемнің оныншы ракеткасы Хуберт Хуркач болмақ. Польша теннисшісі турнирдің басында аргентиналық Франсиско Серундолоны (№29) ұтып кеткен болатын. Есеп: – 6:2, 7:6(2).

Айта кетсек, Astana Open ATP 500 турнирінде әлемнің 1-ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарас ұтылып қалып, күтпеген жағдай орын алды. Ол негізі даниялық Хольгер Рунемен кездесуі керек еді. Алайда, Хольгер Руне турнирге келмегендіктен, оның орнына әлемнің 66-ракеткасы, бельгиялық Давид Гоффен шықты. Гоффен күтпеген жерден әлемнің бірінші ракеткасын 7:5, 6:3 есебімен ұтып кетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз