Жаңалықтар тізбегі
0

Президент ірі тау-кен компанияларына талап қойды

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2022 12:09 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды ​​облысының жұртшылығымен кездесуінде мемлекет барлық ірі тау-кен өндіруші компаниялардың қызметін өте мұқият қадағалап отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоқаев өз сөзінде "Біз капиталды шетелге заңсыз шығаруға жол бермейміз" деп түсіндірді.

Олардың түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруын қадағалаймыз.Қасым-Жомарт Тоқаев

Оның айтуынша, өндірісті жаңғырту үдерісіне, қоршаған ортаны қорғауға баса назар аударылады. Салық төлемдері ерекше бақылауда.

Егер ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар бұл талаптарды орындамаса, серіктестікті тоқтатуға мәжбүрміз. Бұл ешқандай да қауіп төндіру емес. Бұл - бүкіл өркениетті әлемде қабылданған қарапайым, адал және әділ еңбек ережелері.Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің айтуынша, аймақтағы экология проблемаларымен қатар өнеркәсіптік кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселесі өткір тұр. Бұл Қарағанды ​​сияқты индустриялық дамыған өңір үшін принципті сәт.

Ірі компаниялар өндірісті модернизациялауға ұдайы инвестиция салуы керек.Қазақстан президенті

Сонымен қатар уәкілетті органдарға өндірістік жарақаттардың өсуіне кәсіпорындардың жауапкершілігін арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдау талап етілді.

Тоқаев сөзінің соңында "Қазақстанда олигархиялық капитализм дәуірі аяқталып келеді" деді.

Ел азаматтары алдындағы әлеуметтік жауапкершілік кезеңі келеді. Біздің азаматтарға ел экономикасында жетекші орын алатын тиімді және әлеуметтік жауапты бизнес қажет.Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: