Президент Балқашқа әуе билеттерін субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырды

Қарағанды, әуе билетін субсидиялау, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2022 11:45 Сурет: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды ​​облысы жұртшылығымен кездесуінде жазғы маусымда Балқашқа ұшу билеттерін субсидиялау мәселесін пысықтау керек екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қаланың әуе айлағы еліміздің әуежайын дамыту бағдарламасына енуі керек.

Сондай-ақ маусымдық және туристік ағынды ескере отырып, жаңа әуе және теміржол бағыттарын ашу мүмкіндігін қарастыру қажет. Осындай кешенді шаралардың арқасында ғана Балқаш ішкі, болашақта халықаралық туризм үшін тартымды орынға айналады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы үкіметке облыс әкімдігімен бірлесіп, осы мәселелерді пысықтап, Қаланы дамытудың кешенді жоспарында тиісті шараларды қарастыруды тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: