Салық органдары қамауға алынған шоттарды блоктан шығару мерзімін қысқартты
Сурет: pexels
Мемлекеттік кірістер комитеті енді әлеуметтік төлемдер онлайн режимде 1-2 минут ішінде түсетінін мәлімдеді. Егер бұрын берешек болса және салық төлеушінің банктік шотына тыйым салынса, енді онлайн төлем түскен кезде келесі күні банктік шот ашылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұрын бұндай жағдайда шот ашу үшін 2-3 күн күту керек болатын.
Бюджеттен тыс төлемдер туралы мәліметтерді (міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдар және жарналарының түсімдері) алу уақытын қысқарту мақсатында "Халық банкі" АҚ-мен және "Каспий банк" АҚ-мен "электрондық үкімет" төлем шлюзі (ЭҮТШ) арқылы жүргізілген бюджеттен тыс төлемдер туралы ақпаратты онлайн беру қызметі енгізілді.
Алдағы уақытта басқа да екінші деңгейлі банктер қосылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript