Жаңалықтар тізбегі
0

Салық құпиясы болып саналатын мәліметтерді қалай алуға болады

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, салық туралы ақпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2022 13:10 Сурет: pixabay
5 шілдеден бастап салық төлеушілер Мемлекеттік кірістер комитетінің Байланыс орталықтарына жүгінген кезде операторлар абонентті Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесі арқылы сәйкестендіріп, салық құпиясы саналатын мәліметтерді ұсына бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан мәлімет бойынша, Байланыс орталығына 149 салық төлеуші қоңырау шалып, жеке басын сәйкестендіру арқылы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді алған.

Ең көп қоңырау шалғандар Нұр-Сұлтан қаласынан (39) және Ақтөбе облысынан (17).

Абонентті сәйкестендіру үшін оператор салық төлеушінің ұялы телефонына тексеру кодын жібереді. Тексеру коды мен абоненттің ұялы телефон нөмірі сәйкес келген жағдайда, оператор жылжымайтын мүлік мекен-жайы, көлік құралының VIN-коды және қозғалтқыш көлемі, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның орналасқан мекен-жайы және т. б. ақпаратты ұсынады.Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Заңды тұлғалардың мәліметтері бойынша ақпарат беру басшы, бюджетпен жұмыс жөніндегі жауапты қызметкер, уәкілетті тұлға немесе заңды тұлғаның құрылтайшысы өтініш жасаған жағдайда, МКК ақпараттық жүйелерінде осындай тұлғалар бойынша деректер болған кезде ғана жүргізіледі.

Заңды тұлғалардың басшыларына қосылған құн салығын төлеушітерінде тіркелуі туралы ақпарат, кәсіпкерліктің қай субъектісіне жататыны, құрылтайшылары, ОКЭД кодтары туралы және т.б. ақпарат ұсынылуы мүмкін.

Комитет өкілдерінің айтуынша, жеке басын сәйкестендіру үшін мобильді азаматтар деректер қорында тіркелген мобильді телефондар нөмірлері қолданылатынын ескеру қажет.

Мобильді азаматтар деректер қорында тіркелуді egov.kz порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) хабарласып жасауға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: