Президент Склярға Павлодар облысын дамытуға атсалысуды тапсырды

Тоқаев Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығы алдында сөйлеген сөзінде Павлодар бүкіл өңірдің даму орталығына айналуға тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, Павлодар бүкіл өңірдің даму орталығына, облыс халқының тұрақты әл-ауқатын және тұрмыс сапасын жақсартудың қозғаушы күшіне айналуы керек.

Менің ойымша, бұл – әкімдік пен үкімет алдында тұрған өте маңызды міндет. Осы жерде премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Васильевич Скляр отыр. Ол – сіздердің жерлестеріңіз. Оған барлық мүмкіндік беріледі. Павлодар қаласының және бүкіл облыстың дамуына атсалысыңыз.Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстанға қосымша электр қуаты қажет екенін айтқан еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз