Жаңалықтар тізбегі
0

Батыс Қазақстан облысында полиция бастығы жол апатынан қаза тапты

Қайғылы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2022 20:55 Сурет: Zakon.kz
5 қазанда сағат 1:00 шамасында Чапаев-Жанғала тас жолының 124-ші шақырымында, Жаңағала ауылынан төрт шақырым аумақта жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, "Мой город" порталының хабарлауынша, 37 жастағы Chevrolet Cobalt тізгініндегі 37 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылған.

Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы - "ЖҚЕ бұзу" бойынша тіркелді. БҚО ПД баспасөз қызметі

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем станциясының пультіне сағат 1:18-де шақырту түскенін хабарлады. Дәрігерлер бригадасы сағат 1:22-де оқиға орнына шұғыл жеткен, алайда зардап шеккен адам олар келгенге дейін көз жұмды.

Көлік тізгінінде Жаңағала ауданының жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Руслан Асқаров болғаны белгілі болды. Көлікте ол жалғыз болған. Қызметін орындау кезінде оның қасында басқа полиция қызметкерлері болған-болмағаны, әзірге белгісіз. Басқа мәліметтер анықталу үстінде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: