Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында ер адам келінін тепкілеп, мүгедек еткен

Қайынағасы келінін сабаған, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2022 00:03 Сурет: pexels
Алматы облысы Қарасай ауданында қайынағасы келінін аяусыз сабаған. Алты баланың анасы осы оқиғадан соң мүгедек болып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаға ұстатарлық жағдай Жармұханбет ауылында болған. Жәбірленуші тараптың айтуынша, қайынағасы ұлымен бірге келіншекті тепкінің астына алған. Ең сорақысы, осы сәтте үйде басқа да адамдар болған. Бірақ, ешқайсысы көмек қолын созбаған көрінеді. Ауыр жарақат алған келіншекке медициналық көмек те көрсетілмеген. Қарындасынан хабар ала алмаған ағасы былықтың бетін ашқан, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Үйіне барғанбыз кешкісін. Сөйтсе, қарындасым ауыр соққының, тепкінің астына алынған. Үйде жатып қалған, екі күн зорлық-зомбылықтың кесірінен. Жедел жәрдем шақырылмаған. Іш құрылысына зақым келген. Қайын ағасы мен ұлы жауапқа тартылсын. Жәбірленушінің ағасы Мирлан Сырғабаев

Ауыр соққыға жығылған әйелге ота жасалып, көк бауыры алынып тасталды. Мүгедек болып қалған. Адвокаты келіншектің қайынағасы бостандықта жүргенін түсене алар емес. Сот санкциясымен 1999 жылғы ұлы қамауға алынған.

Бірақ соның әкесін Тельтаев Алмасты қамауға алмайды. Негізінде, бұл жерде 120-шы баптың бірінші бөлігімен тіркеу керек еді. Екіншіден, ұрғаны бар, соққаны бар. Үшіншіден, көргендердің бәрі ауыр қылмысты көріп тұрып, ешқайда хабарламаған. Қайынағасы келінін зорламақ болған. Қарсылыққа тап болған соң ұрған. Адвокат Айман Омарова

Бұл оқиға ауыл халқының жағасын ұстатты. Олар мұндай жағдай елдімекенде бірінші рет болып отырғанын айтады. Қазіргі таңда көпбалалы ана өз туыстарының үйінде. "Оның мектепке баратын 4 баласы әкесінің қолында, бірақ жақынарада анасына тапсырылады", - дейді жергілікті билік.

Жармұханбет ауылында осындай жағдай орын алды. Бақылауға алынып, мектеп директоры қоса барып, қарайласып тұрады. Енді осы айдың аяғына дейін балалар анасының қолына барады. Ол кісі әлеуметтік көмекке құжат тапсырған екен, күйеуі жұмыс істемегендіктен, оған бас тартылды. Елтай ауылдық округі әкімінің орынбасары Біржан Белғожаев

Полиция бұл іске қатысты мардымды жауап бермеді. "Тергеу жүріп жатыр" деп қысқа қайырды.

Аталған факт ҚР ҚК 106 бабының 1 бөлімінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданынның полиция басқармаснда тіркелді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша толықтығы мен жан жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қарасай аудандық ПБ басшысының орынбасары Айдар Әбдірахманұлы

Жәбір көрген көпбалалы ана мен оның жақындары әділ шешім болса дейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: