Алматы облысында тағы бір адам құтқарылды

Алматы облысында тағы бір адам құтқарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2024 15:19 Сурет: unsplash
Алматы облысы Қарасай ауданының Қарағайлы ауылында 24 жастағы ер адам таңертең мотоциклмен тауға шыққан. Тауда жүргенде оның көлігі бұзылып қалған, де хабарлайды Zakon.kz.

Ол көлігін жөндей алмағаннан кейін жаяу төмен түспек болады.

Түсу қиын болғандықтан, ер адам құтқарушыларды көмекке шақырды.

ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы жоғалған адамды тауып, аман-есен төмен түсірді. Ер адамға медициналық көмек қажет болмады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: