Жетісайлық полицейлер көршісінің атына несие рәсімдеген жас жігітті анықтады

Алаяқтықпен айналысқан адам ұсталды Сурет: Zakon.kz
Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, бейтаныс біреу оның атына 900 мың теңгелік iPhone телефонына тауарлық несие шығарып алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Яғни, жәбірленуші банктен хабар келгенде, өзге біреудің несие алғанын білген. Содан жергілікті тұрғын тез арада жетісайлық тәртіп сақшыларынан көмек берулерін сұраған.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Жетісай ауданы полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді, деп жазады Polisia.kz

Тексеру жұмыстары нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтады. Ол жергілікті тұрғын жәбірленушінің көршісі болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің телефонын уақытша сұрай тұрып, тауарлық несие шығарған.

Содан оны қолма-қол ақшаға айналдырып, өз қажеттілігне жұмсаған. Қазіргі таңда жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Несиеге қатысты мәселе туындағанда бірден полицейлерге арыздандым. Мұндағы балаларым іздестіру жұмыстарын жақсылап жүргізіп, соның нәтижесінде күдіктіні анықтады. Осыған байланысты аналық жүрегіммен рақметімді айтамын! Жұмыстарың алға баса берсін. Алла разы болсын, – деп жәбірленуші әйел полицейлерге алғыс айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз