Таиландта ер адам балалар орталығында атыс шығарып, 30-ға жуық адам қаза тапты

Таиланд, атыс, балалар орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2022 14:39 Сурет: pixabay
Таиландтағы балалар орталығында болған атыс салдарынан 30-дан астам адам қайтыс болды. Қаза тапқандар арасында балалар да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция күдіктіні іздестіріп жатыр. Ол пикап мініп жүрген.

Khaosod басылымының жазуынша, атыс солтүстік-шығыстағы Нонгбуалампху провинциясындағы балаларды дамыту орталығында болған. Қаза тапқандар арасында балалар мен олардың ата-аналары бар. Қылмысты жақында жұмыстан босатылған бұрынғы полицей жасаған.

Қазір жантүршігерлік жайттың мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: