Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев аймақ елдерінің шекарасын анықтау мәселесін бейбіт жолмен шешуге шақырды

Шекара аумағын дұрыс анықтау қажет, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2022 16:53 Сурет: pxhere
14 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Ресей» саммитінде аймақ елдерінің шекарасын бейбіт жолмен анықтау мәселесін шешуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент тұрақсыздық туғызатын факторлардың бірі аймақтың жекелеген елдері арасындағы шекара мәселесінің реттелмегені екенін айтты.

Шекара мәселесін шешу тек көп ғасырлық достық, сенім және тату көршілік рухында, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының іргелі қағидаттарын қатаң сақтау арқылы тек бейбіт жолмен жүзеге асырылуы тиіс. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

14 қазанда Астанада Орталық Азия-Ресей саммиті өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: