Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Түрікменстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Мемлекеттік сапар, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2022 12:25 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен алғаш рет келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу алдында Түрікменстан президентін Ақорда резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшысына рапорт беріп, Қазақстан мен Түрікменстанның мемлекеттік әнұрандары орындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды. Бұдан соң екі ел басшылары Шығыс залында шағын құрамда кездесті, делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекет басшысы Түрікменстан президентіне ілтипат білдіріп, екі елдің халқын тарихи және туыстық қатынастар байланыстыратынын атап өтіп, қазақ-түрікмен ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін мұның мәні зор екенін жеткізді.

Түрікменстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет. Біздің тарихымыз бен шекарамыз ортақ. Бізді мәдени-гуманитарлық салалар және экономикалық мүдде секілді көп бағыттар байланыстырады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге, соның ішінде энергетика, көлік және логистика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларына ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде Сердар Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізге сапармен келуге шақырғаны және қазақ жерінде қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс айтты.

Бұл – менің Қазақстан Республикасына алғашқы мемлекеттік сапарым. Біз бұл сапарды елдеріміздің арасындағы екіжақты байланыстарды дамытудың маңызды кезеңі ретінде қарастырамыз, – деді Түрікменстан президенті.

Сондай-ақ ол биыл дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті.

Осы жылдарда екі ел арасындағы қатынастар кең ауқымды бағыттар бойынша табысты дамыды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізді аталған маңызды датамен құттықтағым келеді. Сердар Бердімұхамедов

Түрікменстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түрікменстанның Милли Генгеші Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: