Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Кеңейтілген құрамдағы кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2022 14:28 Сурет: akorda.kz
Шағын құрамдағы кездесуден кейін мемлекеттер басшылары келіссөзді ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовке және түрікмен делегациясына ілтипат білдіріп, еліміздің қазақ-түрікмен арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық әрі тату көршілік қарым-қатынастың нығаюына зор құрметпен қарайтынын атап өтті, делінген Ақорда хабарламасында.

Қазақстан үшін бұл маңызды оқиға деп санаймын. Сіздің сапарыңыздың тарихи мәні зор. Себебі біз жабық форматта ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқыладық. Күн тәртібіндегі барлық мәселелерге оң көзқарас танытқаныңыз үшін алғыс айтамын. Мен елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың перспективаларына  қатысты Сіздің барлық көзқарастарыңыз бен пікірлеріңізге оң баға бердім, – деді Президент.

Кеңейтілген құрамдағы кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2022 14:28

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовтің Астанаға алғашқы мемлекеттік сапары Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар екенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, екі ел ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достыққа, тату көршілік байланысқа, ортақ мәдени және тарихи құндлылықтарға сүйене отырып, қазіргі таңда мемлекетаралық серіктестіктің үлгісіне айналған іргесі берік әрі үйлесімді қарым-қатынас орнатты.

Елдеріміздің арасында белсенді әрі жоғары деңгейдегі өзара сенімді саяси диалог жолға қойылған. Былтыр қазан айында болған сапарымды зор ықыласпен еске аламын. Ашхабадта болғанымда барынша қолайлы жағдай жасап, қонақжайлылық көрсеткеніңізге ризашылығымды білдіремін. Әрине, мұның барлығы сапардың табысты өтуіне ықпал етті. Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан президенті Түрікменстанның экс-президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке жылы лебізі мен ізгі тілектерін жолдады. Келіссөз барысында сауда-экономикалық байланыстар мәселесі талқыланды. Тараптар бірлескен күш-жігерді арттыра отырып, өзара сауда-саттық көлемін 1 миллиард долларға дейін жеткізуге уағдаласты.

Мәдени-гуманитарлық байланыстарға келетін болсақ, бұл бағытта бәрі жоспарға сәйкес дамып келеді. Сондай-ақ мен Каспий процесі деп аталатын ынтымақтастығымыз бен өзара іс-әрекетімізді атап өткім келеді. Жақында Ашхабадта Каспий саммиті өтті. Жиын оң нәтижеге қол жеткізу және түркімен тарапының қонақжайлық көрсету тұрғысынан да табысты өтті, - деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Сердар Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдап, қонақжайлық көрсеткені және ортақ жұмысқа қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс айтты. 

Мен Сізге Түрікменстанның Милли Генгеші Халқ Маслахаты Төрағасы, құрметті Гурбангулы Мяликгулыевич Бердімұхамедовтің ыстық сәлемін жеткізгім келеді. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, биыл Түрікменстан мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында екі ел арасындағы қарым-қатынастар кең ауқымда табысты дамып келеді. Осы сәтті пайдалана отырып, сіздерді осы мерейлі датамен тағы да құттықтағым келеді, – деді Түрікменстан президенті.

Кеңейтілген құрамдағы кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2022 14:28

Сурет: akorda.kz

Сердар Бердімұхамедов қазақ-түрікмен қарым-қатынастарының қарқынды дамуына көңілі толатынын атап өтті және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

Менің Қазақстан Республикасына алғашқы мемлекеттік сапарымды елдеріміз арасындағы қарым-қатынастардағы ең маңызды оқиға деп санаймыз. Оның негізгі мақсаты – екіжақты стратегиялық әріптестікті барлық салада нығайту. Сонымен қатар қазіргі жағдай мен даму үрдістерін ескере отырып, Орталық Азия аймағында және халықаралық аренада мемлекетаралық ынтымақтастықтың нақты бағдарларын айқындау. Түрікмен-Қазақстан саяси диалогы, сауда-экономикалық серіктестіктің мазмұны мен бағыты кешенді сипатқа ие болып, келісілген стратегияға және біздің іс-әрекеттеріміздің үйлестірілуіне және ең алдымен, екі халық пен мемлекеттің ұзақ мерзімді мүдделеріне негізделуі тиіс екеніне сенімдімін. Бүгінде елдеріміз арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Сердар Бердімұхамедов

Кеңейтілген форматта өткен келіссөз барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселені жан-жақты талқылап, Қазақстан мен Түрікменстан арасында атқарылатын келешек іс-әрекеттердің негізгі бағыттарын айқындады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: