Қазақстан Түрікменстаннан газ импорттау көлемін арттыруға дайын

Газ саласы туралы Сурет: akorda.kz
Қазақстан мен Түркіменстан басшылары газ саласындағы өзара тиімді әріптестіктің перспективаларын жан-жақты қарастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, 2021 жылы қос ел арасында бірлескен жобаларды іске асыру бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілген.

"QazaqGaz" және "Түрікменгаз" компаниялары түрікмен газын импорттау бойынша келісімшарттарға қол қойды.

Түркіменстан президентіне осы жобаны ілгерілетудегі жекелей қолдауы үшін өз ризашылығымды білдіремін. Біз ұзақ мерзімді келісімшартқа отыруға мүдделіміз және газ импортының көлемін жылына 1,5 млрд текше метрге дейін арттыруға дайынбыз. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қазақстан Түркіменстанның ірі энергетикалық бастамаларын іске асыру ісіне қатысуға, тәжірибе алмасуға, газ өңдеу және газ химиясы саласындағы өзара тиімді жобаларды дамытуға дайын екенін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз