Қазақстан Италияға экспорттайтын мұнай көлемін арттыруға дайын

Мұнай, Астана, саммит, Италия, экспорт, Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2025 18:19 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 30 мамырда Астанада өтіп жатқан "Орталық Азия – Италия" бірінші саммитінде энергетика саласындағы ынтымақтастықтың келешегіне де тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту өзекті міндетке жататынын айтты. 

"Бұл сала дәстүрлі түрде қазақ-итальян әріптестігінің локомотиві болып табылады. Біздің еліміз Еуропалық Одақтағы ең ірі мұнай экспорттаушылардың үштігіне кіреді. Өткен жылы қазақстандық мұнайды Италия нарығына жеткізу 30 млн тоннадан асты, бұл - өткен жылмен салыстырғанда 27%-ға артық көлем. Қажет болған жағдайда біз ағымдағы көлемді арттыруға дайынбыз", – деді президент.

Оның айтуынша, Қазақстанның жасыл сутегі мен аммиак өндірісі бойынша айтарлықтай әлеуеті бар.

"Өңірдегі жасыл жобаларды қолдау және көміртексіз отынды жеткізудің халықаралық тізбегін құру үшін Италия негізін қалаған жаһандық биоотын альянсымен тығыз өзара іс-қимыл құру ұсынылады", - деп сөзін түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан Италияға шамамен 1 млрд доллардың 100-ден астам тауар позициясы бойынша экспорт көлемін ұлғайтуға қабілетті екенін мәлімдеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: