Көкшетауда жаңадан салынып жатқан ғимараттың 6-қабатынан жұмысшы құлап, мерт болды
Сурет: pixabay
Көкшетауда ер адам алтыншы қабаттан құлады. Қайғылы оқиға 17 қазанда құрылыс басында орын алды. Полиция тергеу амалдарын қолға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияға жедел жәрдем фельдшері қоңырау шалып, көпсалалы облыстық аурухананың қабылдау бөліміне Зеренді ауданының 49 жастағы тұрғыны "биіктіктен құлау, политравма, бас сүйегінің сынуы, кома, қабырғаның жабық сынығы, қарынның жабық жарақаты" диагнозымен жеткізілгенін хабарлады.
Алған жарақаттарынан ақмолалық ауруханада көз жұмды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 277-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
18 қазанда Павлодарда көпқабатты үйден ер адам құлап, қаза тапты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript