Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: Үлкен Алматы каналының бүгінгі жағдайы сын көтермейді

Тоқаев Қонаевта, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2022 11:40 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Үлкен Алматы каналының жағдайы сын көтермейді. Қазір бұл канал 60 мың гектар жерге су жеткізеді. Бірақ іске қосылғаннан бері оған бір де бір күрделі жөндеу жүргізілмеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондықтан мемлекет басшысы әкімдік үкіметпен бірлесіп, бұл жұмысты шұғыл қолға алуға тиіс деп есептейді. Ол әлі күнге дейін реттелмеген су мәселесі бойынша тапсырма берді.

Су тапшылығы болғандықтан Сорбұлақтың тазартылған суын пайдалану мәселесі өзекті болып отыр. Қазір Сорбұлақтың суымен 2,7 мың гектар егіс алқабы суарылады. Бұл су қоймасын шамадан тыс толып кетуден сақтайды. Әйтпесе, экологиялық апатқа тап болуымыз мүмкін. Алайда, мұның бәрі әлі күнге дейін реттелмеген. Сондықтан қалдық суды тазартып, кәдеге жаратудың ережесін әзірлеуді тапсырамын. Сонда суармалы жердің аумағын кеңейтуге мүмкіндік туады.Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің айтуынша, Алматы облысындағы болашағы зор саланың бірі – балық шаруашылығы. Қазірдің өзінде өңірден мал етінен гөрі балық өнімдері көбірек экспортталады.

Бұл саланың қуатын арттыру үшін балық шаруашылығының көлемін ұлғайту керек. Өндірістік мақсатта шабақ өсіруді қолға алу қажет. Балық инспекциясының қызметін де жандандырған жөн. Бізде 2030 жылға дейін балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы бар. Онда Алматы облысынан шығатын балық өнімін 25 мың тоннаға жеткізу көзделген. Осы міндетті орындау үшін балық шаруашылығына берілетін мемлекеттік қолдаудың көлемін арттыру керек.Президент

Бұған дейін президент Қонаев қаласын ғылым-білім орталығына және студенттердің қаласына айналдыру керек екенін айтқан еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: