Петропавлдағы әлеуметтік баспананың сапасы сын көтермейді

Дом, жилье, квартира, дома, квартиры, недвижимость, аренда жилья, съемное жилье, продажа дома, продажа жилья, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2025 09:37 Фото: Zakon.kz
Петропавлда әлеуметтік осал топтарға салынған үйдің сапасы сын көтермейді. Жаңа қоныстың жертөлесі көктем келе суға толып, іргетасы бүліне бастаған. Ол аздай, шатырдан су сорғалап, қабырғалар дымқыл тартып тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"24kz" телеарнасының ақпаратынша, бұл Петропавлдағы әлеуметтік жағынан осал топтағы, яғни жетім өскен балалар, жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасылар мен зейнеткерлерге салынған үй.

Жаңа үйдің шатыры да сын көтермейді. Жаңбыр жауса, төбеден су сорғалап, пәтер қабырғаларын дымқыл тартқан.

"Қатты жаңбыр жауады, үшінші қабаттан су ағады. Мына жарықтардың барлығын қараңыздар, кешке таман біреуі жанса, біреуі жанбайды". Данияр Жаманқұлов, қала тұрғыны:

Бұл ауданда мұқтаж жандарға дәл осындай 6 бірдей жалдамалы үй салынды. Барлығы 600 пәтер. Олардың құрылысына бюджеттен 7 млрд теңге бөлінген. Тұрғындар шағымданғанымен, қалалық әкімдік қызметкерлері мердігер ұйымға ешқандай кінә артып отырған жоқ.

Бұған дейін Ақтөбе облысындағы оңтүстік аудандарда шегіртке қаптағандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: