Ақтөбе облысындағы оңтүстік аудандарда шегіртке қаптады

Ақтөбе облысындағы оңтүстік аудандарда шегіртке қаптады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2025 22:23 Сурет: pxhere
Ақтөбе облысында шегіртке қаптап кетті. Зиянкестер, әсіресе, оңтүстік аудандарында көп. Бірақ мамандар одан "еш қауіп жоқ" деп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Шалқар ауданында ұсақ қара қоңызға ұқсас зиянкестер көбейіп кеткен. Құжынаған қанатты жәндіктің түрінен тұрғындар қорқып отыр. Мамандар оның шегіртке дернәсілі екенін айтады. Қанаты қатаймаған кезде осындай болады екен. "Қазір улағанмен, одан түк пайда жоқ" дейді жауапты мекемедегілер. Сондықтан қанаты қатайып, жұмыртқа салмай тұрғанда химиялық дәрі шашпақшы.

"Биыл Ақтөбе облысында 500 гектардан аса аумаққа дәрі шашу жоспарланған. Сондықтан егін мен шөпке шегірткеден қауіп болмайды" дейді ауылшаруашылыққа жауапты басшылар.

"Бұл ешқандай қорқынышты зат емес. Бұл шегірткенің бірінші жасы. Әдістемеге сәйкес, шегірткені екінші, үшінші жаста улау керек. Неге десеңіз, бұл бірінші шығуы. Оны қазір улап тастаса, тағы шегірткелер шығады"Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облысының инспекция басшысы Асылхан Аптиев
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: