Ақтөбе облысындағы тасжолда ауыр жүк көлігі қар құрсауында қалды

Ақтөбе қаласына жақын орналасқан облыстық маңызы бар Оңтүстік айналма автожолында қар құрсауында қалған жүк көлігінің жүргізушісіне құтқарушылар көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2026 15:43 Сурет: ҚР ТЖМ
Ақтөбе қаласына жақын орналасқан облыстық маңызы бар Оңтүстік айналма автожолында қар құрсауында қалған жүк көлігінің жүргізушісіне құтқарушылар көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару бөлімшелері ауыр жүк көлігін қар құрсауынан сәтті шығарып алды.

"Көлік салонында бір адам болған, ол зардап шеккен жоқ", – деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Құтқарушылар қыс мезгілінде жүргізушілерді жолда барынша мұқият болуға және ауа райы жағдайын ескеруге шақырды.

Бұған дейін Ақмола облысында өз үйінде қиын жағдайға тап болған әжейге құтқарушылардың көмектескені хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: