Қордай асуында ондаған жеңіл және жүк көлігі қар құрсауында қалды

Жамбыл облысының Қордай ауданында, ескі Қордай асуында (170–190 шақырым), қолайсыз ауа райының салдарынан жүк көліктері қар құрсауында қалып, автожолдың жүру бөлігін жартылай жауып тастады. Соның салдарынан жолда көлік кептелісі пайда болды., сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2026 09:47 Сурет: ҚР ТЖМ
Жамбыл облысының Қордай ауданында, ескі Қордай асуында (170–190 шақырым), қолайсыз ауа райының салдарынан жүк көліктері қар құрсауында қалып, автожолдың жүру бөлігін жартылай жауып тастады. Соның салдарынан жолда көлік кептелісі пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар қар құрсауынан 50 жеңіл және 30 жүк көлігін шығарып алды.

Құтқарылғандар арасында зардап шеккендер жоқ екені атап өтілді.

"Ауа райының күрт нашарлауына және жолдардың жабылуына байланысты Жамбыл облысының ТЖД базасында азаматтарға психологиялық көмек көрсету және ақпарат беру үшін жедел желі телефоны іске қосылды", – деп хабарлады министрлікте.

Бұған дейін Астанада Қарқаралы тасжолында автобус толығымен өртеніп кеткені туралы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: