Жаңалықтар тізбегі
0

Жоғары сот өз қарамағындағылардың казинода миллиондап ақша шашқанын жоққа шығарды

Казино, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2022 23:44 Сурет: primeminister.kz
Жоғарғы cот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Елдос Жұмақсанов Жоғарғы соттың жеті өкілінің ойынханада болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Алматы облысының прокуратурасына қатені түзеуді сұрап, өтініш жолданғанын атап өтті.

Тағы да қайталап айта кетейін, Жоғарғы соттың судьялары да, Жоғарғы сот аппаратының қызметкерлері де бұл тізімде жоқ. Ақпарат келтіру тәртібіне сәйкес, бүгіндері сот жүйесінде 2286 судья және 6015 мемлекеттік қызметкер жұмыс істейтінін нақтылаймын. Елдос Жұмақсанов

Басшы орынбасары атап өткендей, бұл арада өңірдегі үш судья мен төрт мемлекеттік қызметкер туралы сөз болып отыр. Олардың бірі 2020 жылы теріс қылығы үшін жұмыстан шығарылған. Сот алқасы екінші бір судьяны да басқа себептермен қызметтен босатуды ұсынды. Үшінші судья 2021 жылы Сот төрелігі сапасы жөніндегі комиссияның ұсынысы бойынша Алматы қалалық сотынан жүктемесі төмен ауылдық жерлердегі сотқа ауыстырылды.

Осы факт бойынша аталған судьяның материалдары Әдеп жөніндегі комиссияның қарауына берілетін болады. Сот жүйесі кездейсоқ және өз ісіне лайықсыз судьялардан арылуға құлықты. Елдос Жұмақсанов

Оның айтуынша, сот жүйесінің бір қызметкері 2021 жылы өз еркімен жұмыстан босаған. Қалғандарына қатысты қызметтік тергеу басталды.

Бұған дейін Алматы облысының прокуратурасы казино мен ойын автоматтары залдарын тексеру кезінде жұмыс уақытында ойын мекемелеріне болған әртүрлі өңірден 305 мемлекеттік қызметкерді анықтағандарын хабарлаған болатын. Прокуратура Жоғарғы сот өкілдері құмар ойындарға 7 млн теңге жұмсағандарын да жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: