Санитар дәрігерлер Жетісу облысындағы жаппай улану туралы ақпаратты жоққа шығарды

су, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2022 13:59 Сурет: Zakon.kz
Қазақстандықтар Жетісу облысы Сарқан ауданы тұрғындарының судан жаппай уланғаны туралы ақпарат таратты. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тарқатылған хабарламада Сарқан ауданында судың микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштеріне үнемі мониторинг жүргізілетіні айтылды.

Кейінгі зерттеулердің нәтижесі бойынша судың микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштері санитарлық нормаға сәйкес келеді. Тұрғындар аудандық ауруханаға улану шағымымен жүгінбеген.Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар комитет қазақстандықтардан ақпаратты тексеріп, ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: