"Суға батқан жылқылар". Абай облысы әкімдігі желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желіде Абай облысы, Жарма ауданының Қойтас ауылында жылқылар жаппай уланды деп таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Абай облысы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық ветеринария басқармасының және жылқы иесінің мәліметінше, бұл оқиға былтыр болған.
Ол кезде жылқылар шұңқырға түсіп, үйір астында тапталып, суға батып кеткен.
"Біздің қыстақ Жарма ауданында болғанымен, жайлауымыз Көкпекті ауданында. Соған 21 жыл бойы бір жолмен апарамыз. Бірақ, алтын қазушылар Қойтас ауылының жанындағы өзеннің жағасын ауыр техникамен қазып тастағаны соншалық, үлкен жыралар пайда болды. Өзенді өтемін деген мың жылқы сол жыраларда кептеліп қалып, 57 жылқы суға батып кетті", - дейді "Тайлақ" шаруа қожалығының иесі Олжас Ерсінов.
Шаруашылық иесі Жарма ауданы, Қойтас ауылының маңындағы өзенде алтын өндірушілерге қатысты жергілікті халықтың наразылын жеткізді. Жергілікті халық өзеннің бойындағы жыраларды жауып, жағасын қалыпқа келтіруді сұрап отыр.
"Бұл жағдайдың мән-жайын анықтау үшін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасымен облыстық прокуратура, полиция және экология департаментінің өкілдері арнайы тексеріс жүргізуге ауданға жіберілді", делінген хабарламада.
Тексерістің нәтижесі туралы қосымша ақпарат беріледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript