Жаңалықтар тізбегі
0

Мейрам Қажыкенді қолдаушы штаб өз жұмысын бастады

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2022 21:15 Сурет: Zakon.kz
Президенттіктен үміткер Мейрам Қажыкенді қолдаушы штаб өз жұмысына кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Президенті сайлауындағы кандидат Мейрам Қажыкенді қолдау жөніндегі штаб жетекшісі Әбіл Кекілбаев 14 өңірде үгіт-насихат штабы ашылғанын жеткізді.

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы қабылданып, үгіт-насихат жұмысының жоспары бекітілді. Үгіт-насихат жұмыстарына Мейрам Қажыкеннің өзі қатысады. Сондай-ақ үміткердің 138 сенімді адамы жұмыс істейді. Әбіл Кекілбаев

Штабтың ашылу рәсіміне Мейрам Қажыкеннің өзі де қатысты. Ол жиналған қауымды өзінің сайлауалды бағдарламасындағы бағыттармен таныстырды.

Оның айтуынша, жасына, жынысына, ұлтына, дініне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан кез келген адамның дамуы басты назарға алынады. Бағдарлама қабілеттерді дамыту және оларды іске асыру үшін барлығына тең мүмкіндіктер жасауға басты басымдық береді.

Айта кетсек, Мейрам Қажыкен "Аманат" Қазақстан кәсіподақтар достастығы" республикалық бірлестігі атынан Президенттікке кандидат ретінде тіркелді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: