Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет қайраткерлерін марапаттады
Мемлекет басшысының сайтында атап көрсетілгендей, Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдары қаралды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығы:
1. Жайлыбай Ғалымға, ақын – «Ай таңбалы арғымақ» өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін;
2. Жақыпбай Нұрқанатқа, режиссер – «Жібек» мюзиклі үшін;
3. Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлына, әнші – «Жүрегім, нені сезесің?» концерті үшін;
4. Сәукетаев Тұрыспекке, жазушы – «Желқайық» романы үшін;
5. Сегізбай Кәдірбекке, жазушы – «Тағдыр толқыны» романы үшін;
6. Смағұлов Сембіғали Абзалбекұлына, мүсінші – «Үш арыс» мүсіндік композициясы үшін;
7. Тұрысбек Секен Кәрімұлына, композитор – «Тәтті мұң» ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы үшін берілді.
Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін президент бірқатар қазақстандықтарды марапаттады. Бизнес, білім және қоғам қайраткерлері еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін марапатталды.