Жаңалықтар тізбегі
0

Желідегі митингі жайлы ақпаратқа қатысты Бас прокуратура үндеу жариялады

Үндеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2022 12:28 Сурет: gov.kz
Әлеуметтік желілерде 24 және 25 қазанда орталық алаңдарда жергілікті атқарушы органдармен келісілген митингілер өтетіні туралы хабар тарауда. Осыған байланысты ҚР Бас прокурорының орынбасары "Прокуратура туралы" заңның 31-бабының тәртібінде үндеу жариялады, деп хабарлайды Zakon.k
Әлеуметтік желілерде 24 және 25 қазанда орталық алаңдарда жергілікті атқарушы органдармен келісілген митингілерге қатысу туралы жалған хабарламалар мен арандатушылық үндеулер орналастырылуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл күндері осы жерлерде қандай да бір митингілер өткізу келісілмеген. "Республика күнін" мерекелеуді ескере отырып, тек ресми мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін болады. ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев

Осыған байланысты Бас прокуратура жалған хабарламалар арқылы акцияларды ұйымдастыру және оларға қатысу, сондай-ақ оларға шақыру заңсыз болып табылатынын еске салады.

Өкінішке қарай, митингілерді немесе өзге де бейбіт жиналысты өткізудің заңды тәртібін бірнеше рет түсіндіруге қарамастан, оны бұзу орын алуда. Бұл тәртіп 2020 жылғы 25 мамырда қабылданған "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңмен регламенттелгеніне назар аударамыз. Сәйкесінше, аталған зааң талаптарын бұза отырып өткізілетін митингілерді, шерулерді, жиналыстарды немесе демонстрацияларды ұйымдастыру және оларға қатысу (3 - баптың 3-тармағы) заңсыз болып табылады және 25 тәулікке дейін қамаққа алумен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 488-бабы бойынша жауаптылыққа әкеліп соғады. ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев

Сондай-ақ осы негізде бірқатар мысалдар алға тартылды.

Мәселен, 15 қазанда Алматы қаласында заңсыз митингке қатысуға шақырған осындай үндеулер үшін А. деген азаматқа сот ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-бөлігі бойынша 15 тәулікке қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза қолданылған. .

Осындай құқық бұзушылық үшін 2022 жылы 12 қазанда Алматы облысында азамат Д. 15 тәулікке қамаққа алынды.

Осы айтылғандардың негізінде, сондай-ақ заңдылықты, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге және заңсыз акцияларды, оларға жария шақыруларды ұйымдастырудан және оларға қатысудан бас тартуға шақырамыз. Құқық қорғау органдары белгіленген құқықтық тәртіпке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтардың жолын кесетін және кінәлі адамдарға заңда көзделген барлық шараларды қабылдайтын болады. ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: