Қазақстанда жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесі енгізіледі
Сурет: Zakon.kz
26 қазанда Республикалық қоғамдық штабта Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде уақытша жұмыссыз азаматтарды қолдау жүйесі күшейтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің айтуынша, мемлекет жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесін енгізеді.
Жұмыссыз қалғаны үшін төленетін әлеуметтік жәрдемақы көлемін кірістің 45%-ына дейін ұлғайтамыз. Қасым-Жомарт Тоқаев
Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Балаларға арналған ұлттық қор» жаңа ауқымды бастамасын жүзеге асыру 2024 жылдан басталатынын еске салды.
«Қазақстан халқы» қоғамдық қорына жыл сайын «Самұрық-Қазына» қорының таза кірісінің кемінде 7 пайызын аударуды қамтамасыз етеміз. Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұл шаралардың барлығы, Президент атап өткендей, «мемлекеттің әділетті әлеуметтік саясатының тікелей көрінісі болады».
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript