Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16%-ға көтерді

ҚР Ұлттық банкі, базалық мөлшерлеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2022 15:14 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 16%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің мәліметінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 17%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 15% болады.

Шешім мөлшерлеме траекториясын түзетеді, ол алдыңғы шешімдер мен коммуникациялар бойынша айқындалған бағыт пен қарқынды сақтайды. Мөлшерлеменің артуы өсіп отырған инфляциялық қысымды көрсететін факторлардың жиынтығына байланысты. Қыркүйек айының нәтижесі бойынша инфляция болжамнан айтарлықтай асып түсті.ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Орталық банктегілердің түсіндіруінше, шешім қабылдауға негізгі факторлар жоғары инфляциялық күтулер, орнықты сұраныс, фискалдық серпін, тұрақты тауар жеткізу жолдарына қайта бағыттауға байланысты өндіріс шығасыларының өсуі, сыртқы инфляцияның жалғасып отырған әсері, оның ішінде сақталып отырған Ресей рублі бағамының күшеюі болды.

Жоғарылаған инфляциялық күтулер баға мен тұтынуға қысым жасайды. Мұның бәрі 2023 жылы инфляциялық процестердің бақылануын сақтау үшін барынша қатаң ақша-кредит талаптарын қажет етеді.Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Базалық мөлшерлемені арттыру экономика субъектілерінің жинақтау белсенділігіне қолдау көрсетіп, ішкі валюта нарығындағы теңгерімге ықпал ете отырып, 1-2 жылдық кідіріспен әсер етеді.

2022 жылғы қыркүйекте жылдық инфляция болжанған көрсеткіштен айтарлықтай ауытқып, 17,7% болды

Инфляцияның барлық құрамдас бөліктері бойынша бағаның орнықты өсуі байқалады. Тұтыну бағаларының маусымдық сипатты есептемегендегі шілде айында өсуі баяулағаннан кейін ол соңғы айларда айтарлықтай жеделдеді. Қыркүйекте жылдық көрсеткіш 26,8% (2022 жылғы шілдеде – 17,7%) болды. Базалық инфляция жылдық мәнде 19,7%-ға жетіп, жоғары деңгейде қалыптасуда.Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Ұлттық банк өкілдерінің сөзінше, бұл экономикада ұзаққа созылған жоғары инфляциялық фонды қалыптастыру тәуекелін көрсетеді.

Халықтың және кәсіби макроэкономистердің инфляциялық болжамдары едәуір өсті

Орталық банк өкілдері атап өткендей, халық тарапынан алдымыздағы бір жылға күтілетін инфляцияның медианалық бағасы 2022 жылғы қыркүйекте 16,9%-ға дейін өсті.

Халық тарапынан бағаның болашақтағы өсуін бағалау көбінесе азық-түлік өнімдері бағасының күтілетін өзгеруіне, сыртқы оқиғаларға және айырбастау бағамының өзгерістеріне байланысты. Инфляциялық күтулердің өсуі қысқа мерзімді сипатқа ие көші-қон өзгерістері аясында орын алды. Дегенмен, бұл инфляциялық күтулерге тікелей ықпал ете отырып, екінші реттік әсер ету тәуекелдерін тудырды.Ұлттық банктің баспасөз қызметі

2022 жылғы қыркүйекте кәсіби макроэкономистер күткен инфляция да 2022 жылы 18,5%-ға және 2023 жылы 11%-ға дейін айтарлықтай өскені (2022 жылғы тамыздағы алдыңғы пікіртерімнің қорытындысы бойынша, тиісінше 15,1%-дан және 8,8%-дан) байқалады.

Экономикадағы проинфляциялық қысымның маңызды қайнар көзі өте күшті фискалдық ынталандыру болды

"Бұл жыл басынан бері 7,9%-ға немесе 2,4 трлн теңгеге көтерілген ақша массасының (М3) өсуіне фискалдық саясаттың ықпалы арқылы көрінеді" деп түсіндірді Банк өкілдері.

2022 жылғы 9 айдағы мемлекеттік бюджет шығыстары өткен жылдың мәнінен едәуір жылдық мәнде 18,9%-ға жоғары қалыптасуда. Ұлттық банк

Биылғы жылы бюджет шығыстарының үдемелі өсуі Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты тарапынан тиісінше әрекетті қажет етеді.

Экономикалық белсенділік динамикасы Ұлттық Банктің болжамдарына сәйкес қалыптасуда. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйектің қорытындысы бойынша ЖІӨ 2,8%-ға өсті. Іскерлік белсенділік негізінен тау-кен өнеркәсібіндегі әлсіз динамика есебінен баяулады. ЖІӨ динамикасына мұнайға қатысты емес секторлар: өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс, көлік және ауыл шаруашылығы оң үлес қосуда.Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Тұтынушылық сұраныс инфляциялық процестердің өсуі аясында оң үрдісті сақтады

Орталық банк таратқан мәліметке сәйкес, 2022 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша номиналды бөлшек тауар айналымының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 15,7%-ға өсті. Сұраныс тарапынан жеке тұлғаларды тұтынушылық кредиттеудің өсуі (2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 21,4%-ға) қосымша проинфляциялық қысым тудыруда.

Сыртқы орта факторлары белгісіздіктің жоғары дәрежесімен сипатталады

Ұлттық банк өкілдерінің сөзінше, әлемдік азық-түлік нарықтарындағы бағалар төмендеуде, бұған ФАО индексі дәлел бола алады. 2022 жылғы қыркүйекте көрсеткіш 1,1%-ға төмендеді (жылдық мәнде – 5,5%-ға өсті). Бұл ретте Украинаның Қара теңіз порттарынан астық жіберу және Аргентина мен АҚШ-тағы ауа райы жағдайларына қатысты тәуекелдерге байланысты бидай бағасының жоғарылауы байқалады.

Көптеген елдерде тұтынушылық инфляция үдеп келеді. ЕО-да 2022 жылғы қыркүйекте инфляция 10,9% болды. Атап айтқанда, Германияда инфляция 8,8%-дан 10,9%-ға дейін жылдамдады. АҚШ-та инфляция АҚШ ФРЖ-ның агрессивті саясатына қарамастан бұрынғы деңгейінде қалды. Мұндай жағдайларда орталық банктердің көпшілігі инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізуге басымдық бере отырып, монетарлық саясатты қатаңдатуды жалғастыруда. Мәселен, АҚШ ФРЖ-ның пайыздық мөлшерлемесі биылғы жылдың басынан бастап 0,25%-дан 3,25%-ға дейін біртіндеп көтерілді.Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Жаһандық экономиканы одан әрі дамыту болашағы тағы да нашарлады. ХВҚ-ның 2022 жылы әлемдік экономиканың өсуі жөніндегі болжамдары 3,2% деңгейінде өзгеріссіз қалды. Бұл ретте 2023 жылы бағалау 2,9%-дан 2,7%-ға дейін төмендеді. Жоғары геосаяси тәуекелдер, жоғары инфляциялық қысым, Қытайда экономикалық белсенділіктің төмендеуі әлемдік экономиканың өсуін тежейтін негізгі факторлар болып қала береді.

Әлемдік мұнай нарығында бағаларға әсер ететін әртүрлі бағыттағы факторлар бар екені байқалды

Соңғы айда Brent маркалы мұнайдың бағасы 82-96 АҚШ доллары деңгейінде өзгеруде. Бағалар сұраныс жөніндегі болжамдардың нашарлауы, сондай-ақ АҚШ-тағы қорлардың өсуі аясында төмендеді. Ресей және Таяу Шығыстың кейбір елдері тарапынан тауар жеткізу жолдарындағы проблемалар бағаның өсуін қолдады. Сонымен қатар 2022 жылғы қарашадан бастап ОПЕК+ қатысушыларының мұнай өндірудің жалпы квотасын тәулігіне 2 млн баррельге төмендетуі бағаларға қолдау көрсетуде. EIA болжамы бойынша Brent бағасы 2022 жылғы IV-тоқсанда бір баррель үшін орта есеппен 93 АҚШ долларын және 2023 жылы бір баррель үшін 95 АҚШ долларына тең болады.

Бұдан кейінгі шешімдердің маңызды талаптары – нақты инфляцияның болжамды көрсеткішке сәйкес келуі, экономика субъектілерінің инфляциялық күтулерінің динамикасы, сондай-ақ сыртқы және ішкі ортада жоғарыда аталған тәуекелдердің теңгерімі. Қазіргі жағдайды ескере отырып, таяудағы отырыстарда базалық мөлшерлемені көтеру әлеуеті сақталуда және Ұлттық Банк проинфляциялық тәуекелдердің жай-күйін негізге ала отырып, ақша-кредит талаптарын қатаңдатуды жалғастыруға ниетті.ҚР Ұлттық банкі

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2022 жылғы 5 желтоқсанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 14:00-де жарияланады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: