Индонезия байларға виза енгізуді жоспарлап отыр
Индонезияның Әділет министрлігі және Адам құқықтары жөніндегі бас иммиграция басқармасының баспасөз хатшысы Видодо Екатьяхьяна G20 саммитінде виза туралы жаңалықты жариялады, деп жазады АНТАРА.
Оның айтуынша, «екінші үй визасы» бай шетелдіктерге Индонезияда 5-10 жыл тұруға көмектеседі. Мақсатты аудитория – бизнесмендер мен егде жастағы туристер.
Индонезия билігі ірі капиталға иелік ететіндерді елге тарту үшін фискалдық емес ынталандыру саясатын қолға алмақшы.
«Екінші үй визасы» бар шетел азаматтары мұнда жұмыс істеу, инвестициялау мақсатында тұра алады.
Визаға өтініш беру үшін иммиграциялық кеңсенің сайтына кіріп, содан кейін банк шотында 131 мың доллардың бар екенін растау керек. Виза алымы 200 долларды құрайды.
8 шілдеде Индонезия COVID-19 індетіне байланысты кіру шарттарын өзгертті.