Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда полицейлер 17 жастағы есірткі қоюшы қызды ұстады

Қарағанды, есірткі, есірткі қоюшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 14:55 Сурет: Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
Кәмелетке толмаған есірткі қоюшыны полицейлер 16 қазан күні Қарағанды ​​көшелерінің бірінде ұстады. Бойжеткеннен ерекше иісті жасыл өсімдік салынған 20 қапшық тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сараптама нәтижесі қапшықтардағы зат салмағы 35,09 грамм кептірілген марихуана екенін көрсетті.

17 жастағы бойжеткен бұл "жұмысты" әлеуметтік желі арқылы тапқанын айтты. Қызмет ақысы оның биткоин әмиянына аударылған.

Ол қапшықтарды жасырын жерлерге тығып кетуі керек болған.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

26 қазанда Ақмола облысына оңтүстіктен ірі көлемде есірткі тасымалдап келген ер адам ұсталды. Күдікті отырған Chevrolet Cobalt автокөлігін тінту кезінде полицейлер салон ішінен, орындықтардың астынан екі полиэтилен орамасын тапты. Полицейлер тәркілеген марихуананың жалпы салмағы 1,5 келіден асады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: