Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан қалаларында бензин қанша тұрады – зерттеу

Қазақстан, бензин, бензин бағасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2022 11:17 Сурет: Zakon.kz
31 қазанда сарапшылар ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстанда бір жыл ішінде бензин 4 пайызға қымбаттаған. Ең жоғары баға Қостанай, Петропавл және Алматы қалаларында тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Energyprom.kz зерттеушілері Қазақстан аймақтарының ішінде баға Солтүстік Қазақстан облысында айтарлықтай өскенін жазды. Одан кейінгі орында Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы тұр.

Айта кетерлігі, ең төменгі баға өсімі Ақмола және Маңғыстау облыстарында тіркелген.

Мамандардың мәліметінше, 2022 жылдың қыркүйегінде АИ-92 маркалы бензиннің бір литрінің республикалық орташа бөлшек сауда бағасы 179 теңге болды. Ал АИ-95/96 маркалы бензиннің литрі 211 теңге, АИ-98 232 теңгеге бағаланды.

Ең қымбат бензин:

  • АИ-92 маркасы Петропавлда (литріне 184 теңге), Астанада (литріне 182 теңге), Жезқазғанда (литріне 182 теңге) және Қостанайда (литріне 182 теңге) сатылды;

  • АИ-95/96 маркасы Қостанай (литріне 222 теңге), Петропавл (литріне 217 теңге) және Алматы (литріне 215 теңге) қалаларында сатылды;

  • АИ-98 маркасы Павлодар (литріне 242 теңге), Қостанай (литріне 238 теңге) және Алматы (литріне 235 теңге) тұрғындары үшін қымбат болды.

    Жалпы, сарапшылардың айтуынша, 2022 жылдың тоғыз айында елімізде 3,7 миллион тоннадан астам бензин өндірілген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: