Атырауда су тасқыны кезінде бір сауда желісі азық-түлік бағасын негізсіз көтеріп жіберген

Азық-түлік, баға, су тасқыны, Атырау облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2024 19:54 Сурет: pixabay
Атырау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын көтергені үшін, кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабының мәліметінше, 2 сәуір мен 8 сәуір аралығында бір сауда желісі мен бір бөлшек сауда субъектісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 204-4-бабының 1 тармағына сәйкес, жауапқа тартылды.

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы алда да бақылауда болады. Бағаны негізсіз көтергендер жауапкершілікке тартылады", - деді Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысы Әлем Уалиев.

Айта кетсек, 9 сәуірде Димаш Құдайберген Ақтөбедегі волонтерлар штабында болды. "Кішкентай кезімнен мені қолдап, биік белестерді бағындыруға тілектестік білдірген жерлестеріме келмей тұра алмадым", - деді әнші.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: