Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда сайлау заңнамасын бұзғаны үшін қандай жаза қарастырылған

Президенттік сайлау, айыппұл, Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекс, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2022 12:38 Сурет: amanatpartiasy.kz
Қазақстанда сайлау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл қарастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, сайлау күні немесе оның алдындағы күні сайлауалды үгіт жүргізгені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте мынандай айыппұл қарастырлған:

  • жеке тұлғалар үшін – 15 АЕК (45 945 теңге);

  • шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдар субъектілеріне – 20 АЕК (61 260 теңге);

  • орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 25 АЕК (76 575 теңге);

  • ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 35 АЕК (107 205 теңге).

Сайлауалды үгіт жүргізуге кедергі келтіргені үшін мынандай көлемде айыппұл салынады:

  • жеке тұлғаларға – 20 АЕК (61 260 теңге);

  • лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК (91 890 теңге);

  • орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 40 АЕК (122 520 теңге);

  • ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 50 АЕК (153 150 теңге).

Сайлау нәтижелеріне ықпал ету мақсатында кандидаттар туралы олардың ар-намысына, іскерлік беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін мынандай көлемде айыппұлдар қарастырылған:

  • жеке тұлғаларға – 20 АЕК (61 260 теңге).

  • лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК (91 890 теңге);

  • орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 40 АЕК (122 520 теңге);

  • ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 50 АЕК (153 150 теңге).

Сайлау комиссиясы (республикалық референдум комиссиясы) мүшесiнiң сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеу, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу және олар бойынша дауыс берілуін талап ету, өзі құрамына кіретін сайлау комиссиясының құжаттарымен және материалдарымен танысу, олардың куәландырылған көшірмелерін алу, төмен тұрған сайлау комиссиясының қызметін тексеруді жүзеге асыру құқықтарын бұзу 30 АЕК (91 890 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге әкеп соғады.

Сайлау комиссиясының мүшесі азаматтардың сайлаушылар тізімімен танысу құқығын бұзғаны үшін ескерту жасалады немесе 30 АЕК (91 890 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Сайлаушылар тізімін жасау үшін сайлаушылар туралы бұрыс мәліметтер ұсыну, сондай-ақ лауазымды тұлғалар жергілікті атқарушы органдарға сайлаушылар тізімін жасау үшін сайлаушылар туралы бұрыс мәліметтер ұсынуы 25 АЕК (76 575 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуге әкеп соғады.

Ал жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары тиісті сайлау комиссиясына сайлаушылардың дәйексіз тізімін ұсынғаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Екі немесе одан да көп рет дауыс беру немесе басқа сайлаушы үшін тең сайлау құқығы талаптарын бұзғаны үшін 25 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.

Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi келтіретін және ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыруы:

  • жеке тұлғаларға – Қазақстан Pecпубликасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып немесе 30 АЕК мөлшерінде,

  • заңды тұлғаларға  1 мың АЕК (3 063 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

    Сайлау комиссиясы мүшесiнiң азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн беруi 25 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлауалды үгіт-насихат жүргізу шарттарын бұзу

Бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау алдындағы іс-шаралардың мақсаттарын, міндеттері мен нәтижелерін бұрмалаудан көрінетін, кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын, сондай-ақ олармен байланысты оқиғалар мен фактілерді объективті көрсетпеуі:

  • жеке тұлғаларға – 20 АЕК;

  • лауазымды адамдарға – 30 АЕК;

  • заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының кандидаттың немесе саяси партияның абыройына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне көрінеу нұқсан келтiретiн үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялауы, сондай-ақ аталған тұлғаларға абыройын, қадiр-қасиетiн және iскерлiк беделiн қорғауы үшін теріске шығаруды тегін жариялауына мүмкіндік беруден бас тарту

  • жеке тұлғаларға – 20 АЕК;

  • лауазымды адамдарға – 30 АЕК;

  • заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Кандидаттардың теледидар мен радиода сөйлеп жатқан сөздерін бөлу және сөйлеген сөздерінен кейін іле-шала, сондай-ақ баспа басылымдарындағы сөздеріне сол бір нөмірде түсініктеме жасау жеке тұлғаларға – 20 АЕК, лауазымды адамдарға – 30 АЕК, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының барлық кандидаттарды және партиялық тізімдерді ұсыну, оларды сайлау комиссияларының тіркеуі жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты баспасөз бетінен орын, эфир уақыты бойынша бірдей көлемде тарату туралы талаптарды бұзуы жеке тұлғаларға – 20 АЕК, лауазымды адамдарға – 30 АЕК, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Эфирден жəне баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері, шарттары жəне тəртібі туралы мəліметті сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған жəне жарияламаған, сондай-ақ сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралдарының сайлауға қатысатын кандидаттардың, саяси партиялардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы – лауазымды адамдарға – 30 АЕК, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Бұқаралық ақпарат құралының кандидаттардың біріне, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беруден бас тартуы, егер басқа кандидатқа, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға осы бұқаралық ақпарат құралы эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беруге келісім берілсе, лауазымды адамдарға – 30 АЕК, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Кандидаттардың және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарында жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен немесе өтініштер бір мезгілде келіп түссе, жеребе бойынша белгіленген сөз сөйлеу кезектілігінің бұзылуы – 30 АЕК, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Кандидаттарға және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға бұқаралық ақпарат құралдарында эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беру туралы шарт талаптармен қандай да бір кандидатқа, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға артықшылық туғызу – 30 АЕК, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Анонимдік үгіттеу материалдарын тарату – 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Үгіттеу материалдарын қасақана жою, бүлдіру – 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Кандидаттың сайлау қорларына түскен түсiмдердiң мөлшерi туралы және сайлау қорларын құру көздерi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ сайлау қоры қаражатының пайдаланылғаны туралы есептi ұсынбауы – кандидатқа 15 АЕК, заңды тұлғаға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Кандидаттарға сайлау қорларынан тыс қаржылық немесе өзге де материалдық көмек, сондай-ақ қайырымдылық ұйымдары мен бірлестіктері көрсететін қайырымдылық көмек көрсету:

  • жеке тұлғаларға – 25 АЕК;

  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК;

  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК;

  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы қызметiне байланысты олардың жазбаша келiсiмiнсiз қызметтер көрсетуi:

  • жеке тұлғаларға – 20 АЕК;

  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК;

  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК;

  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың лауазымды адамдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерінің, ұлттық қауіпсіздік органдары, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, сайлау комиссиялары мүшелерінің, діни бірлестіктердің сайлау алдындағы үгіт жүргізуі, сондай-ақ аталған тұлғалардың кез келген сайлау алдындағы үгіттеу материалдарын таратуы – жеке тұлғаларға – 20 АЕК, лауазымды адамдарға 30 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады

Сайлаушыларға тегін немесе жеңілдік шарттарымен тауарлар беру, қызметтер көрсету, бағалы қағаздар беру, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткізу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгіт жүргізу – 20 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Кандидаттар не олардың сенім білдірілген тұлғалары болып тіркелген журналистердің, бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялауға қатысуы – 20 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жергілікті атқарушы органдар және өзін-өзі басқару органдары лауазымды адамдарының кандидаттардың біріне, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар беруден бас тартуы, егер басқа кандидатқа және партиялық тізімді ұсынған саяси партияға келісім берілсе, 30 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Үгіт материалдарын ескерткіштерде, обелисктерде, тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар ғимараттар мен құрылыстарда, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларда орналастыру – 25 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты нысаналы жұмсамауы – 5 АЕК (15 315 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларының, Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сайлау комиссиясының отырыстарына қатысу не сайлау учаскесінде дауыс беру күні ол ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін болу не сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін ресімдеу рәсімін байқау не электрондық сайлау жүйесінің жабдығын ашу және орнату кезінде, сондай-ақ оның жұмыс істеуін тексеру кезінде қатысу құқығына, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда кедергі келтіру – 35 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларының, Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру үшін сайлау комиссиясының мүшелеріне ілесіп жүру не дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде сайлаушылардың дауыс беруін өткізу кезінде қатысу не фото-, аудио- және бейнежазбаны жүзеге асыру не дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқау не дауыс беруге, оның ішінде үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпаратты алудан бас тарту не тиісті сайлау комиссиясының және оның мүшелерінің шешімдеріне, әрекеттеріне шағым жасау құқығына, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда кедергі келтіру –  35 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді. Президенттікке алты адам кандидат ретінде тіркелді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: