Жаңалықтар тізбегі
0

15 жасар жерлесіміз джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Джиу-джитсудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты, джиу-джитсу, чемпион, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2022 11:13 Сурет: Facebook/rscatyrau
Абу-Дабиде (Біріккен Араб Әмірліктері) өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатында атыраулық Болашақ Сүйекенов әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Болашақ Сүйекенов әлем чемпионатында 38 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады.

джиу-джитсу, әлем чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2022 11:13

Сурет: Facebook/rscatyrau

Бас бапкер Айбар Есенғалиевтің сөзінше, қазақстандық шәкірттер өте ұзақ уақыт дайындалды.

Әлем чемпионатына қатысу тынымсыз дайындықты, қажырлы еңбекті, жеңіске деген ұмтылысты қажет етеді. Спортшыларымыз қатысып, нәтижелерін көрсетіп жатыр. Жарыстар жоғары деңгейде өтіп жатыр, – деді ол.

Жалпы есепте Қазақстан құрамасы жекелей сында көш бастады.

Абу-Дабидегі джиу-джитсудан әлем чемпионаты 2022 жылы 28 қазанда басталып, 8 қарашаға дейін жалғасады. Оған 65 елден 1,5 мың спортшы қатысып жатса, елімізден 28 спортшы барды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: