Шахтадағы апатты жағдайдан кейін аурухана түскендердің жағдайы белгілі болды
Сурет: primeminister.kz
Шахтада газ шығуы салдарынан зардап шеккен төрт адам Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, алдын ала қойылған диагноз – метаннан улану.
Зардап шеккендердің екеуі Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың токсикология бөліміне жатқызылды. Уланғаннан бөлек, әртүрлі дәрежеде жарақат алған тағы екі адам Шахтинскіде.
Консилиум өткізу үшін Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың мамандарынан тұратын санитарлық авиация бригадасы келді (2 нейрохирург және 2 реаниматолог).
3 қарашада Қарағанды облысындағы шахтада газ шығып, төрт адам қаза тапты. Полицейлер "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша тергеу бастады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript