Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды

Пәкістан, шеру, сайлау, атыс, шабуыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2022 18:50 Сурет: Facebook/Imran Khan
Гуджранвала қаласында белгісіз біреулер саяси шерушілерге оқ жаудырған кезде Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Ханның аяғына оқ тиді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Geo.tv телеарнасының хабарлауынша, белгісіз біреу лектің басында келе жатқан "Пакистан Техрик-и-Инсаф" партиясының төрт-бес көшбасшысы отырған көлікке шабуыл жасаған.

Экс-премьер ауруханаға жатқызылды.

70 жастағы Хан мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап еткен шерушілерді бастап, Исламабадқа бет алған.

Өткен аптада Пәкістанда "Пакистан Техрик-и-Инсаф" оппозициялық партиясының шеруі басталды, наразы топ 11 қарашаға дейін ел астанасы Исламабадқа жетуді жоспарлаған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: