Жаңалықтар тізбегі
0

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл: Шахтадағы тексеру шаралары жария жүргізілуі тиіс

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2022 21:53 Сурет: Facebook/Elvira Azimova
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова Шахтинск қаласындағы қайғылы оқиғаға қатысты көңіл білдіріп, желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін Шахтинск қаласындағы шахтада орын алған қайғылы оқиғадан 5 адамның өмірі қиылды. Қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамын және апат салдарынан зардап шеккен барлық азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Өткен аптада мен екі кездесу өткіздім, сол кездесуге қатысқан азаматтар шахтаға түскен кездегі өздерінің жеке әсерлерімен бөлісіп, жұмыс берушінің қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау тұрғысынан міндеттемелерін орындауын қатаң бақылауға алу қажеттілігі туралы пікір білдірген болатын. Бүгін де журналист осындай пікір айтып, кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы сұрақ қойды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова

Оның айтуынша, бұл "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-тың шахталарында болған бірінші оқыс оқиға емес.

Мемлекет басшысы бүгін Үкіметке апаттың себептерін анықтау бойынша жедел шаралар қабылдауды және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырды. Жеті шахта бір тәулікке жұмысын тоқтатты. Адамдар қайтыс болған сегізінші шахтада жұмыс тоқтатылып, тексерулер жүргізілуде. Бұл тексерулер жан-жақты, комиссиялық түрде ұйымдастырылуы тиіс, сондай-ақ қауіпсіздікті күшейту және кінәлілерді жауапқа тарту бойынша нәтижелер мен қабылданатын шаралар халыққа жариялануы керек, делінген уәкілдің Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетсек, Қарағанды ​​облысындағы Ленин атындағы шахтада бүгін түнде қайғылы жағдай орын алды. Жарылыстың салдарынан бес металлург қаза тапты, тағы төртеуі шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Апат кезінде жер астында кәсіпорынның 106 жұмысшы болған, оның 101-і эвакуацияланып үлгерді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: