Жаңалықтар тізбегі
0

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы конституциялық заңның жобасы әзірленді

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы конституциялық заңның жобасы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2022 17:23 Сурет: primerminister.kz
Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» конституциялық заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Уәкіл қызметінің міндеттері – адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіруге, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын көтермелеу мен ілгерілетуге жәрдемдесу.

Заң жобасында жазылғандай, уәкіл өз қызметін жүзеге асыру кезінде заңдылық, әділдік, бейтараптық, объективтілік, жариялылық, ашықтық, айқындық қағидаттарын және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген басқа да қағидаттарды басшылыққа алады.

Уәкіл өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және қандай да бір мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді.

Сондай-ақ құжатта қылмыс орнында ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа кезде, уәкілді өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының келісімінсіз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайтыны жазылған.

Уәкілдің заңды қызметіне араласу не кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді, – делінген құжатта.

Уәкіл лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы куә ретінде жауап алынуға жатпайды.

Уәкілге қызметін жүзеге асыруы кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқығына кепілдік беріледі.

Уәкілді Қазақстан Республикасы президентінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы парламентінің сенаты бес жыл мерзімге лауазымға сайлайды.

Уәкіл лауазымына сайланатын адам мынадай талаптарға сай болуға:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы болуға және соңғы он жылда оның аумағында тұрақты тұруы;

  • жоғары білімі болуы;

  • адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі болуы;

  • отыз жастан кіші болмауы;

  • мемлекеттік тілді білуі;

  • әрекетке қабілетті болуы керек.

Уәкіл лауазымына кіріскен кезде ант береді.

Уәкіл, оқытушылық, ғылыми не өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, мемлекеттік қызметте бола алмайды, кәсіпкерлік қызметпен айналыса алмайды, коммерциялық ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, оны басқаруға қатыса алмайды, сондай-ақ өзге де ақы төленетін қызметпен айналыса алмайды.

Уәкіл:

  • өзінің қызметтік жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға;

  • ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың жұмыс істеуіне және лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысуға;

  • лауазымдық өкілеттігін атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсететін қызметтерін жеке мақсаттарына пайдалануға құқылы емес.

    Құжат 15 шілдеге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: