Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2021 05:47 Ақорда
Кездесуде "Омбудсмен туралы" заң қабылдау жөнінде айтылып, Уәкіл институтына мемлекеттік қолдау көрсету және оның әлеуетін өңірлер деңгейінде нығайту мәселесі талқыланды.

Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Омбудсмен офисінің құқық қорғау қызметі бағытында атқарып жатқан жұмыстары, оның ішінде, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылданған маңызды шешімдер жайында баяндалды. Бұл шешімдер азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдігін одан әрі нығайтуға бағытталған, делінген хабарламада.

Эльвира Әзімова Президентке әйелдердің, балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау бойынша заңнамалық және атқарушы деңгейлерде қабылданатын шаралар туралы ақпарат берді. Кездесу барысында құқық қорғау қызметімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарды қолдауды кеңейту, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясатын жалғастыру, сондай-ақ, Адам құқықтары бағытындағы заң шығару процесіне Уәкілді және азаматтық қоғам өкілдерін тарту жөніндегі ұсыныстар қаралды.

Кездесуде "Омбудсмен туралы" заң қабылдау жөнінде айтылып, Уәкіл институтына мемлекеттік қолдау көрсету және оның әлеуетін өңірлер деңгейінде нығайту мәселесі талқыланды.

Президент азаматтардың тікелей қатысуымен қоғамдық бақылау түрлерінің бірі ретінде 2014 жылы құрылған Азаптаулар мен қатыгездікті болдырмау бойынша ұлттық алдын алу тетігінің қызметін жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге жәрдемдесу қажеттігін айтып, Үкімет әзірлеген "Қоғамдық бақылау туралы" заң жобасы аясында қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: