Жаңалықтар тізбегі
0

Ерғали Шәмей пара дзюдодан 2022 жылғы әлем чемпионатының "алтынын" жеңіп алды

Параспорт, дзюдо, Әлем чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2022 12:11 Сурет: Instagram/committee_sport
Қазақстандық пара дзюдошы Ерғали Шәмей команда қоржынына алтын медаль салды. Ол Бакуде (Әзірбайжан) өткен пара дзюдодан 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерғали финалдық белдесуде 73 келі салмақта Германия спортшысы Сасс Леннартты жеңді. Осылайша, Ерғали Шәмей Қазақстан құрамасының қазынасына пара дзюдодан әлем чемпионатының екінші "алтынын" қосты.

Оның алдында 48 келі салмақта Ақмарал Науатбек финалда Франция спортшысын жеңіп, үздік шыққан-ды.

парадзюдо, әлем чемпионаты, спорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2022 12:11

Сурет: Instagram/kaz_judoteam

Тағы екі қазақстандық спортшы Даяна Федосова (57 келі) мен Олжас Оразалыұлы (73 келі) қола жүлдегерлер атанды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: