Жаңалықтар тізбегі
0

Астаналықтар пара дзюдодан әлем чемпионаты жеңімпаздарын әуежайдан қарсы алды

Әуежай, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2022 15:57 Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қарсы алушылар арасында жеңімпаздардың жанкүйерлері мен отбасы мүшелері де бар. Бакуде өткен пара дзюдодан әлем чемпионатында спортшыларымыз 2 алтын және 3 қола медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баку қаласында көру қабілеті төмен спортшылар арасында пара дзюдодан Әлем чемпионы атанған Ерғали Шамей мен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы дзюдо спортынан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы алтын медальді сыйлаған Ақмарал Науатбекті, әлем чемпионатының қола жүлдегерлері Даяна Федосованы, Жанбота Аманжолды, Олжас Оразалыұлын жанкүйерлері мен ата-анасы әуежайдан үлкен қошеметпен күтіп алды, деп хабарлады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Пара дзюдодан Әлем чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2022 15:57

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бакуде өткен пара дзюдодан әлем чемпионатында спортшыларымыз 2 алтын және 3 қола медаль иеленді. Ел намысын ұлттық құраманың 18 мүшесі қорғады. Соның бірі – елордалық Ақмарал Науатбек. Бұрымды спортшы пара дзюдодан әлем чемпионатында топ жарып, ел бойынша әйелдер арасында алғаш болып алтынға қол жеткізді.

Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. 41 елден спортшылар келді. Алдағы уақытта Азия чемпионаты бар және де одан кейін Азия ойындары сосын әлемдік ойындары бар. Сол 3 жарыста мені көре аласыздар. Анамның Бакуге – әлем чемпионатына мені қолдау үшін келгені маған зор күш-қайрат сыйлады. Баршаңызға алғыс айтамын. Пара дзюдодан әлем чемпионы Ақмарал Науатбек

Пара дзюдодан Әлем чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2022 15:57

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, ел мерейін асқақтатқан спортшыларды қарсы алуға қала әкімінің орынбасары Есет Байкен, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев және спорт саласының өкілдері де зор қуанышпен, құшақ-құшақ гүл шоқтарымен салтанатты түрде күтіп алды.

Ерлер арасында 73 келіде сынға түскен тағы бір елордалық Ерғали Шамей де ел қоржынына алтын салды.

Елге келгенде осындай құрмет көрсетіп, бізді күтіп алып жатқан жерлестеріме дән ризамын. Маған үміт артып, жарысқа дайындаған бапкерлеріме, ата-анама, жанкүйер болған қазақ еліне алғыс айтамын. Ел намысын абыроймен қорғап, Қазақ елінің атын әлемдік додада танытқаным үшін өте қуаныштымын. Ендігі мақсат – Олимпиада шыңын бағындыру. Алдағы жарыстарда алтыннан алқа тағып, елімнің көк байрағын әлі талай желбіретіп, әнұранымызды өзге мемлекеттерде шырқатамын деп сенемін. Мен бағындыратын белестер әлі алда. Чемпион Ерғали Шамей

Сонымен қатар, Қазақстан спортшылары командалық жекпе-жекте қола медальді еншіледі. 

Бұл жетістік - ерен еңбектің және еліміздегі спортты қолдауының нәтижесі, - деді құрама бас бапкері Жандос Қиянов.

Айта кетсек, пара дзюдодан әлем чемпионаты Бакуде 8-11 қараша аралығында өтті. Жарысқа 41 мемлекеттен 300-ден астам спортшы сынға түскен. Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасынан 18 спортшы ел намысын қорғады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: