"Яндекс Go" сервис жұмысындағы ақаулар толығымен жойылғанын хабарлады

Техникалық ақау Сурет: Яндекс Go
"Яндекс Go" сервис жұмысындағы барлық ақаулар жойылғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Көптеген адам техникалық ақауларға байланысты қиындықтарға тап болғанын біліп отырмыз және орын алған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Мұндай жағдай алда қайталанбасы үшін бар күшімізді саламыз. Серіктестерімізге сервистің қолжетімсіз болуына байланысты қолдау шаралары көрсетілетін болады", - делінген хабарламада.

Қазақстанда 9 қарашада түстен кейін "Яндекс Go" қосымшасының жұмысында ақаулар тіркелді. Осындай проблемаларға ресейлік қолданушылар да тап болған.

20 қыркүйекте "Яндекс.Таксиге" қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны мәлім болды. Тергеп-тексеру шарасы бағаның қымбаттығына байланысты қолға алынғаны да нақтыланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз