Жаңалықтар тізбегі
0

Жыл басынан бері елімізде жол апатынан 2 мыңнан астам адам қаза тапқан – ҚР ІІМ

Статистика, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2022 21:12 Сурет: Zakon.kz
Жыл басынан бері жол апатынан 2 мыңнан астам адамның өмірі қиылды және 15 мыңнан астам адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай мәліметпен ҚР ІІМ бөлісті.

Қараша айының басынан бері 300-ден астам жол-көлік оқиғасы орын алып, 60-қа жуық адам қаза тауып, 400-ге жуық адам жарақат алды. Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соқтырған апаттар ерекше алаңдаушылық тудырады.

Айдың басы Жамбыл облысында болған жантүршігерлік апаттан басталды. Ауа райына байланысты қалың тұманның әсерінен Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіздікке салғырттық танытып, темір жолға шығып кетіп, жолаушылар пойызымен соқтығысты. Салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен оның бес жолаушысы қаза тапты.

3 қарашада Қостанай облысында Әулиекөл – Жолдама автожолында жүргізуші Chevrolet Сobalt маркалы автокөлікті басқара алмай, кюветке аударылды. Салдарынан үш адам қайтыс болды, бір адам дене жарақатын алды.

Жол жүрісіне қатысушылардың қауіпсіздігі үшін ІІМ барлығын жол қозғалысы ережелерін, әсіресе автомобильдер арасындағы қашықтықты, бүйірлік аралықты, жылдамдық режимін қатаң сақтауға, сондай-ақ кенеттен тежеулер мен қозғалыстарға жол бермеуге шақырады.

Өздеріңіз білетіндей, қараша айынан бастап солтүстік аймақтарда ауа райы күрт нашарлайды. Адамдар бұған бірден үйрене алмайтындықтан қысқы жолда (көктайғақта, жаңа жауған қарда) жүру кезінде ауа райының жүріс режиміне әсерін, жауын-шашын кезінде көрінудің төмендеуін, сондай-ақ автокөліктің тежеу жолын ұлғайтатын және оған әсер ететін жол төсемінің іліну қасиеттерінің өзгеруін ескеру маңызды екенін еске саламыз. ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: