Жаңалықтар тізбегі
0

Жол апатынан 700-ден астам адам қаза тапты. ҚР ІІМ көпшілікке үндеу тастады

Статистика, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2022 19:53 Сурет: polisia.kz
ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері жолда 700-ден астам адам қаза тауып, 7 мыңға жуық азамат жарақат алды. Осыған байланысты ҚР ІІМ жол жүрісіне қатысушыларды қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жыл басынан бері жолда 700-ден астам адам қаза тауып, 7 мыңға жуық азамат жарақат алды. Күн сайын елімізде 10-ға жуық адам қаза тауып, 70-ке жуық адам түрлі дене жарақаттарын алады, делінген ҚР ІІМ ресми ақпарат ресурсында.

Құзырлы ведомство дерегіне сүйенсек, кеше ғана бір тәулікте 39 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 11 адам қайтыс болып, 57 адам жарақат алды.

Зардап шеккендердің көпшілігі – 40 жасқа дейінгі адамдар мен балалар. Бұл біз үшін, еліміздің болашағы үшін орны толмас шығын. Талдау көрсеткендей, жол апаттарының себептері: жылдамдық режимін сақтамау, маневр жасау ережелерін бұзу, қарсы жолаққа шығып кету, аударылу, жаяу жүргіншілерді қағып кету болып отыр. Жолда адам өзінің қауіпсіздігі мен басқалардың қауіпсіздігі үшін жауапты екенін есте ұстаған жөн. ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Атығай Арыстанов

Оның айтуынша, "жол қоғалысына қатысушының әрқайсысы, алдымен өзінің, одан кейін өзгенің қауіпсіздігі үшін жауапты".

Мәселен, тыйым салынған жерден жүгіріп өтудің өзі сізге оңай болып көрінгенімен, оның зардабы қайғылы. Жылдамдық режимін сақтамау – отбасы үшін қатерлі. Сондықтан жылдамдық режимін, автокөліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтау өте маңызды. Бұл апаттың алдын алуға көмектеседі. Атығай Арыстанов

Ол автокөлікті басқару кезінде қауіпсіздік белдігін тағуды әрдайым қадағалау маңызды екенін айтады.

Жолдағы қауіпсіздік әрбір адамның жеке тәртібіне байланысты. Апаттың салдары отбасына орны толмас зиян келтіреді. Біз баршаңызды мұқият болуға шақырамыз! Жол қауіпсіздігі әрқашан жолдағы мәдениетке байланысты. Тәртіп өзімізден басталады. Атығай Арыстанов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: