Жаңалықтар тізбегі
0

Оңтүстіккореялықтар қолданылған кофе дәнінен жиһаз жасайды

Корейлік технологияны жетілдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2022 17:37 Сурет: freepik
Сеулдегі көрмеге пластик бөтелкелерден жасалған тауарлар шығарылды. Көпшілік назарына көліктің қосалқы бөлшектері мен ыдыс-аяқтар ұсынылды. Тіпті бөтелке қабылдайтын автоматтар да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүз данасын тапсырсаңыз бір мың вон немесе 300 теңге аласыз. Оған бір балмуздақ сатып алуға болады, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Біз балаларға бос бөтелке қоқыс емес, тауар өндіруге қажетті шикізат екенін үйретеміз. Қолданылған заттарды қайта өңдеп, кәдеге жаратуға болады. Сон Су Ен, компания басшысы

Ойын арқылы балаларды жануарлармен таныстырып, өзендер мен теңізді қоқыстан тазартуға үйретеді. Көрмеге қатысушылар кез келген пайдаланылған затты қайта кәдеге жаратуға болатынын дәлелдейді. Ал бұл компания Кёнги провинциясындағы құрылыс қалдықтарының үштен бірін жинап, оны сұрыптап жаңа шикізат дайындайды. Пайдаланылған кофе дәндерінен тіпті үй салуға болады екен.

Біз айына 100 тоннаға жуық кофе қалдықтарын қайта өңдейміз. Жылына шамамен 1500 тонна өндіріледі. Бұл жасанды ағаштың құрамында 51 проценті қайта өңделген кофе дәндері. Біз одан үстелдер мен орындықтар жасаймыз. О Сан Ель, Жасанды ағаш өндіретін компания директорының орынбасары

Кофе қалдықтарын жою үшін жыл сайын шамамен 11 млн доллар жұмсалады. Жалпы қалдықтар мәселесі Кореяда әрқашан өзекті болып қала бермек. Шағын елде қоқыс полигондар жеткіліксіз. Сондықтан қалдықты дұрыс сұрыптамағандар қомақты айыппұл төлейді. Ал қалдықты қайта өңдейтін компанияларға мемлекет тарапынан қолдау бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: