Қазақстанда ең ірі теміржол желілерінің құрылысы басталды

Темір жол, Қарағанды - Мойынты, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2022 14:37 Сурет: Telegram/KZgoverment
17 қарашада Қарағанды ​​облысында Достық – Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдың құрылысы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы аясында ұзындығы 836 шақырым болатын жаңа теміржол желісі іске қосылады. Жаңа бағыттардың салынуы отандық өнімді экспортқа тоқтаусыз шығаруға және еліміздің транзиттік әлеуетінің артуына ықпал етпек.

Құрылысты бастау салтанатына телекөпір режимінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайылов қатысты.

"Бүгін біз ең ірі теміржол жобасын бастағалы жатырмыз. Ол учаскенің өткізу қабілетін 5 есеге – 12-ден 60 жұп пойызға дейін ұлғайтады, сонымен қатар қазақстандық экспортттаушылардың осы бағыттағы тасымалдау мәселесін толығымен шешеді", – деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр жобаны іске асыру барысында жергілікті қамту үлесі 80 пайыздан асатынын атап өтті.

Жаңа жолдар салынса, 20 жыл ішінде бюджет кірісін одан әрі 4,1 трлн теңгеге арттырады деп күтілуде.

Құрылыс барысында 419 жасанды құрылысты (5 үлкен көпір, 87 шағын және орта көпір, 288 су өткізгіш құбырлар, 14 жол өткелдері), сондай-ақ энергетика және коммуникация нысандарын салу жоспарланған. Құрылыс 2025 жылдың 4 тоқсанында аяқталуы тиіс.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: