Жаңалықтар тізбегі
0

Бас прокуратура сайлау алдында Қазақстан халқына үндеу жолдады

Бас прокуратура, үндеу, сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2022 09:58 Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев сайлау алдында Қазақстан халқына үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде сот тыйым салған ұйымның 2022 жылғы 20 қарашада заңсыз митингілерді өткізуге, қатысуға және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасауға шақырулары таралып жатыр.

"Ұлттық және халықаралық құқыққа сәйкес, терроризмді немесе зорлық-зомбылық экстремизмді насихаттайтын осындай ұйымдардың кез келген қызметіне тыйым салынғанын атап өтемін".Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев

Оның сөзінше, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңмен (5-баптың 6-тармағы, 14-баптың 1-тармағының 2-тармақшасы, бұдан әрі - Заң) олардың осындай акцияларды ұйымдастыруына жол бермеу бекітілген.

Ол егер акциялар мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, басқа да қылмыстық әрекеттер жасауға бағытталған болса, оларды жүргізуге де жол берілмейтінін атап өтті (Заңның 14-бабының 1-тармағының 1-тармақшасы).

Бұл бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі қағидаттарының бірі – олардың зорлық-зомбылықсыз сипаты мен заңдылығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, денсаулықты сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге байланысты (Заңның 3-бабы).

Бұл заңсыз әрекеттерді жасаумен ұштасқан тыйым салынған ұйымдардың шақырулары, ұйымдастыруы және олар ұйымдастырған акцияларға қатысқаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК-нің 488-бабы) және қылмыстық жауаптылық (ҚК-нің 179-бабы (билікті күштеп басып алуға шақыру), 405-бабы (сот тыйым салған ұйымдардың қызметіне қатысу)) көзделген.

"Құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын адамдарға заңда көзделген шараларды қабылдайды және кез келген құқық бұзушылықтардың жолын кеседі. Атап айтқанда, биыл 17 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері прокуратура органдарының ықпалдастығымен жеті адамнан тұратын қылмыстық топ қызметінің жолын кесті".Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев

Бас прокуратура өкілінің сөзінше, олардың билікті күштеп басып алу мақсатында қару-жарақ пен тұтандырғыш қоспаларды пайдалана отырып, жаппай тәртіпсіздіктер мен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ғимараттарына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне шабуылдар жасауды, олардың қызметкерлерін өлтіруді жоспарлауға, сондай-ақ дайындауға қатыстылығы туралы құжаттық дәлелдер алынды.

Сондай-ақ ол ұсталған адамдардың тұрғылықты жері бойынша заттай дәлелдемелер де алынғанын атап өтті. Қылмыстық кодекстің 179-бабының 2-бөлігі (адамдар тобының билікті күштеп басып алуына жария түрде шақыру) және 272-бабының 1-бөлігі (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарды сот тыйым салған ұйымдар мен олардың артында тұрған адамдардың арандатуына ермеуді, олардың заңсыз әрекеттеріне қатысудан бас тартуды және заңды мүлтіксіз сақтауды алдын ала ескертеді" – деді Бас прокурордың орынбасары.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: